Мейрамхана туралы
«Астана Нұры» мейрамханасы астананың қақ ортасында өзеннің жағасында орналасқан, ал жағалауға шығатын ең әдемі көрініс, сірә, мейрамханамыздың жазғы дәлізінен ашылады! Кавказдық және еуропалық тағамдар, мәзір 150-ден астам тағам атауларынан тұрады, ондағы ерекше тағам – КӘУАП – кавказдық тағамдардың тәжі, оның бізде 45-тен астам түрі бар!
Кәуаптың етін біз тұздыққа салмаймыз, ол әрқашанда балғын, сондықтан біздің кәуаптарымыз – қаладағы ең дәмді!
Тағамдардың барлығы ұлттық және сан ғасырлық шығыс дәстүрлерінің сақталуымен дайындалады. Мейрамхана екі залдан тұрады, олардың әрқайсысында өзіндік қайталанбас жиһаздауы бар. Біз шығыс қонақжайлығын еуропалық сервиспен ұштастырамыз. Мейрамхана түскі астарға шақырады.
Жұмыс күндері сағат 12-ден 16-ға дейін мәзірдегі барлық тағамдарға 20% жеңілдік болады.
Бас аспазшының сергек басшылығымен даярланған барлық тағамдар кавказдық жомарттылықпен және еуропалық әсемдікпен беріледі – шырынды көкөністерден жасалған ғажап «Баку» салаты, көмірге пісірілген кәдіден дайындалған икра, жіңішке «Кутаб», қабат-қабат қамырдан істелген «Хачапури», мацони негізіндегі «Довга» көжесі, кішкентай тұшпарасы бар «Дюшбара», палаулар, «Пити» (кем дегенде алты сағат, баяу отта пісіріледі) немесе міндетті түрде қыш құмырашаға салынған «Бозбаш», майлы қызыл борщ, тамсандыратын «Кебабтар», каспий теңізінен алынған бекіре балықтың еті, өзен балығы және теңіз өнімдері, алуан түрлі тіскебасарлар, салаттар және астың соңында ұсынылатын десерттер; нәзік «Тирамису», иісі аңқыған «Пахлава» және міндетті түрде жебіршөппен қайнатылған шай... Барлығын тізіп айту мүмкін емес...
«Астана Нұры» мейрамханасында тағамды үйге алуға тапсырыс беруге болады, ас мәзірінің барлық тағамдары дайындалады.
Ақпарат және тұрақты қозғалыс – біздің барлық өміріміз, жұмысымыз және бос уақытымыз осында. Тұрақты қарым-қатынаста болу, мобильділік, әрқашан байланыста болу қажеттігі – қазіргі заманның ажырамас беліглері. «Астана Нұры» мейрамханасында Wi-Fi-ға мүмкіндік бар, ал бұл сіздің түскі және кешкі ас кезінде Интернетке кіре алатыныңызды білдіреді.
Шығыста былай дейді:
Аш қонақ – ашулы қонақ. Тоқ қонақ – мейірман.
Мейрамхананың үлкен залында Мадина Мұхамеджанова және Еркен Кенебаев шығармашылық дуэті ән салады.